«Жалпы, жақсы нәтиже көрсетіп, Азия чемпионатынан екі медальмен оралмақшымын. Омниумда жолым болмады. Қазір Азияда бәсекелестік өте жоғары, спортшылардың деңгейі де өскен. Токиодағы Олимпиадаға дайындық жақсы, жоспар бойынша жылжып жатырмыз», - деді Артем Захаров.
Артем Индонезиядан Аустралияға барып, «Астана» велокомандасындағы әріптестеріне қосылады. Олар 15 қаңтарда Тур Даун Андер көпкүндік жарыс жолына шығады. Олимпиада ойынарына іріктеу аясында Артем 25-27 қаңтар аралығында Гонконгте өтетін Әлем кубогына қатысады.