Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Vesti.kz сайты жазды.
Хабарланғандай, Nissan Pulsar көлігінің жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, темір тұлпар аударылып, жана бастаған. В. Карчинмен бірге тағы екі ер адам - Евгений Цой мен Алексей Сержантов ажал құшты.
Көлікте болған Евгений Пучнев түрлі жарақаттармен Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. ІІД көліктің тізгінінде отырған адамды анықтай алмады.