Тректегі велоспорттан Қазақстан спартакиадасының алғашқы жеңімпаздары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тректегі велоспорттан Қазақстан Спартакиадасы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде командалық спринттен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындаалтын жүлдені Қарағанды облысының командасы иеленді.

Екінші жәнеүшінші орында Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысы орналасқан.

Әйелдер арасындаАлматы облысы топ жарды. Күміс жүлдені Нұр-Сұлтан командасы, қоланы Қарағандыоблысы жеңіп алды.