Трэвис Баркер: «Мейвезер-Головкин жекпе-жегін көргім келеді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық барабаншы Трэвис Баркер өз сұхбатында Мейвезер-Головкин жекпе-жегін көргісі келетіндігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен кіші Флойд Мейвезерді сүйікті боксшы ретінде көретін ұрпақтың өкілімін, мен оның GGG-мен жекпе-жегін көргім келеді. Боксты балалық шағымнан бері тамашалаймын, оны өз уақытының боксшылары ең мықты болғанын үнемі айтып отыратын әкеммен бірге көремін. Бірақ маған Мейвезер ұнайды, ол өте ақылды боксшы. Головкинге келсек, ол кез келгеннің тас-талқанын шығарады. Ал егер оның Канеломен жұдырықтасуын айтсақ, Канело қарсыластарының арасында Triple-G тәрізділері болған емес, сондықтан басымдықты оған беремін», - деді Тарвер BoxingScene-ға берген сұхбатында.