АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында триатлоннан алғаш рет өтіп жатқан «Almaty Asian Cup 2018» турнирінің алғашқы жарыс күні әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК таратқан мәліметке сүйенсек, әйелдер арасындағы сынға 16 спортшы қатысқан. Нәтижесінде, алтын жүлдені Жапония елінің өкілі Ниина Кишимото жеңіп алды. Күміс жүлдені тағы бір жапониялық спортшы Хираку Фукуока иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Джи Юн Ки қорытындылады.
Қазақстан атынан сынға түскен ITU спортшысы Арина Шульгина төртінші орынды қанағат түтты.
Өзге де қазақстандық спортшылардың көрсеткіші төмендегідей:
Надежда Бекмағамбетова (9-орын), Ашраф Камалова (10-орын), Анастасия Автушко (11-орын).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.