Триатлон: Арлан Жаңабай Қытайда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Отандасымыз жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алтын медальді ресейлік Роман Минеев иеленді - 54:31. Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Сондай-ақ Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтады (55:17). Максим Шмулич 26-нәтиже көрсетті (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтады (56:35).

Осыған дейін Испанияда әртістік жүзуден Қазақстан қоржынына екінші жүлде түскені туралы жаздық.