World Triathlon атқарушы комитеті келесі маусымға арналған жарыс күнтізбесін бекітті. 2022 жылы триатлоннан екі Әлем чемпионаты өтеді: Әбу-Дабиде триатлон мен паратриатлоннан әлем біріншілігі ұйымдастырылады, ал Монреалда спринт пен эстафетадан жеңімпаздар анықталады.
Әлем кубогі кезеңдері 12-13 наурызда Жапонияның Миядзаки қаласында басталады.