Триатлоннан Азия кубогында ел құрамасы екі медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM - Малайзияның Кампар қаласында өтіп жатқан триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді. 

Құрлықтық сайыс 19-20 шілде аралығында болады.

Ел құрамасынан екі спортшы жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді. Жарыс барысында Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішпен чемпион атанды. Тағы бір отандасымыз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.

Айта кетейік, аталған жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Триатлон федерациясының президенті сайланғанын хабарлаған едік.