Триатлоннан Азия кубогына қатысатын спортшыларды тіркеу аяқталды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда 3-4 тамызда Сайран көлінде өтетін триатлоннан кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы ASTC Asian Cup халықаралық кубогы турниріне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия Кубогы»Алматыда екінші рет өтеді. Бүгін кәсіби мамандар мен әуесқойларды тіркеу жұмысыаяқталды. Кәсіби-элиталық санатқа 19 елден 46 ер адам және 23 әйел адам қатысатынынрастады, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Екінші күні, яғни 4 тамыздаәуесқойлар арасындағы «Темір адам» кубогының 8-кезеңі басталады. Барлығы 215спортшы, оның ішінде 182 спортшы жеке есепте және 10 эстафеталық команда бақсынайды. Қатысушыларымыздың тізіміне қарап, географияның кеңейіп келе жатқанынбайқауға болады, олардың арасында тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар алыс-жақыншетел спортшылары да бар», - деді ҚТФ маркетинг директоры Ақмарал Еспенбетова.

Сондай-ақ, олеліміздегі мықты спортшылардың атын атады.

«Қазақстандықтриатлон федерациясының басты міндеті - біздің спортшыларды Токио-2020 Олимпиадасынатарту. Арина Шульгин, Аян Бисенбаев және Дарын Қонысбаевтан үлкен үміткүтеміз», - дейді ол.

Сонымен қатар,федерация 5 халықаралық шара ұйымдастырды. Жақында Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында Азия кубогынөткізді.

Бұғанға дейін,Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтетін күндері бірнеше көшенің жабылатынын хабарлаған болатынбыз.