Жарысқа ұлттық команданың 17 атлеті қатысты. Олар супер-спринт бағдарламасында бақ сынады: 300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс және 2 шақырымға жүгіру.
Әйелдер арасындағы бәсекеде үздік нәтижені Арина Шульгина көрсетті. Екінші орынға Екатерина Шабалина, үшінші орынға Юлия Озерова орналасты.
Ерлер арасындағы үздік үштік: Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев және Мейірлан Ысқақов.
Айта кетейік, қазақстандық команда 23-25 сәуір аралығында Жапонияда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.