Жарысқа қатысушылар «суперспринт» дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.
World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:
Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.
Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.
U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.
Азия чемпионаты 13-14 маусым күндері өтеді.
Айта кетелік Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты: Ұлттық құраманың тізімі жарияланған еді.