Триатлоншы жарыс кезінде суға батып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир облысындағы жарыстарда триатлоншы Сергей Фомин қаза тапты. Ол 150-метрлік қашықтықта мәреге 15 метр қалғанда батып кеткен.

41 жастағы ажал құшқан азамат Рязаньнан келген. Жүзіп жүргендер де, құтқарушылар да көмектесіп үлгермеді, деп хабарлады ТАСС.

Жарыс алдында медициналық тексеріс болмаған. Фомин ең қысқа қашықтыққа шыққан. Бағдарлама бойынша жүзу алғашқы сын болған.