«Біздің бірінші есебіміз бойынша, үш күнге созылған операция барысында 400-ден астам адам қаза тапты. Екі мың адам жараланған», - деп мәлім етті бүлікшілер құрған Ливия Көшпелі ұлттық кеңесінің басшысы Мустафа Абдель Джалиль.
22 тамызға қараған түні Ливиядағы көтерісшілер Триполи қаласына кірген, енді олардың айтуынша, ел астанасының басым бөлігін өз бақылауларына алған.