Ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді:
Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
Назым Махмутова ( 73 кг) қола;
Турнирдің қорытынды күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.
Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысып жатыр.
Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 31 наурызда ел құрамасының бір боксшы шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.