23 жастағы норвегиялық соңғы төрт жылда атынан шыққан «Team Joker - Byggtorget» құрылықтық командасынан «Астанаға» ауысады.
- Әлемдік Тур деңгейінің кәсіби маманы болам деп үнемі армандадым. 2017 жылы «Астана» командасының арқасында арманым шындыққа айналмақ. Үлкен жобаға қатысуды ұсынып, маған сенім білдірді, - деді Трульс Корсет.
2013 жылы Корсет «Сиркуит дез Арденн» көп күндігі кезеңінде командалық жарыста жеңген болатын, ал 2014 жылы белгілі «Дуо Норманд» жұптық жарысында жеңімпаз атанды. 2015 жылғы маусымда Трульс «Финляндия туры» белгілі классикасының жастар санатында және Норвегия чемпионатының жеке жарысында үшінші келді, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі жастар арасында «Кроно де Насьонды» ұтты.
Соңғы маусымда норвегиялық «Тур Жиронда» көп күндік кезеңін ұтты.
- Таяуда жасақталған команда ресми таныстырылғанына қарамастан, біз «Астана» құрамасын толықтыруды шештік. Бізде командаға тағы бір спортшыны шақыру мүмкіндігі пайда болды, таңдау жас норвегиялық Трульс Корсетке түсті. Ол команданы классикалық жарыстарда күшейтеді деп үміттенеміз, - деді бас менеджер Александр Винокуров.