Акробаттар әуе шарында жаңа нөмірмен жұмыс істеп жатқанда шар кенеттен бекіткіштен ажырап, аспанға көтерілген. Меле 30 метр биіктіктен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Меле спорттың экстремальды түрінен әлемге танымал болған еді. Ол құрған Flying Frenchies тобының ғаламторға салынған трюктерінің видеоларын сан миллиондаған адам көрген.