«TS Engineering Group» компаниясы «Bukhar Zhyrau Towers» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады

күйектің 29-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда  «TS Engineering Group» компаниясы  «Bukhar Zhyrau Towers» тұрғын үй кешенін салып бітіруіне байланысты баспасөз маслихатын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Bukhar Zhyrau Towers» төрт 22-қабатты ғимарат. Жобаның жапы құны 125 млн. долларды құраған, мұнда 33,3 млн. доллар «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінсе, 29,7 млн. долларды «Казкоммерцбанк» берген.

         Аталмыш компанияның басшысы Серік Тұлбасовтың айтуынша, жобаның артықшылығы - экологиялық жағынан таза әрі қолайлы жерде орналасқан. Сондай-ақ  үлкен жерасты көлік тұрағы бар. Ал бірінші қабатта бассейн, фитнес орталығы, азық-түлік сауда кешені орналасқан.