«Цифрлық қосылған құн салығы» жаңа жобасын Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырады. Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты – қосылған құн салығын қайтару бойынша мемлекеттік қызметті жаңғырту және дамыту. Ол үшін цифрлық теңгені қолдану көзделген. Осы ретте цифрлық теңгеге қысқаша тоқтала кетейін. Бүгінге дейін валютаның 2 түрі – қағаз ақша және банктегі қолма-қол ақшасыз түрі болды. Ал цифрлық теңге – ұлттық валютаның жаңа үшінші түрі. Оның алдыңғылардан негізгі айырмашылығы – есеп айырысу функциясымен қатар қаржылық қозғалыстарды бақылау құралы болуында», - деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, қанатқақты жоба ерікті негізде жүргізіледі. Жоба аясында 55 немесе 75 жұмыс күнінің орнына 15 жұмыс күнінің ішінде салықтық тексеру жүргізілместен, ҚҚС қайтарылады. Ол үшін жоба қатысушысы ҚҚС деп таңбалаған цирфлық теңгені Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктер арқылы сатып алуы қажет. Цифрлық теңгемен жасалған транзакциялар бойынша барлық ақпаратты, сонымен қатар өнім берушілер мен бюджетке түсетін түсімдерге қатысты ҚҚС қозғалысы туралы мәліметтерді Ұлттық банк Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынады.
«Мұндай тетік мемлекеттік кіріс органдарына салықтық тексеру жүргізбестен қысқа мерзімде ҚҚС-ті қайтару үшін жеткілікті деректерге ие болуға мүмкіндік береді», - деді Қадыр Ысмағұлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қосылған құн салығын цифрлық теңгемен төлеуге болатынын жазған болатынбыз.