АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 89-ракеткасы Александр Шевченко Цинциннати (АҚШ) мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 127-ракеткасы, испаниялық Пабло Ямас Руисқа тап келді.
А.Шевченко 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Шевченко 10 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ.
Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 133-ракеткасы, аустралиялық Кристофер О’Коннелмен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Мастерс санатына жататын Цинцинати додасы 13-23 тамыз аралығында өтеді.
Жүлде қоры 9,4 млн АҚШ долларына бағаланған жарысқа Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик қатыспайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Бейбіт Жұқаевтың Астанадағы турнирде Әмір Омархановты жеңгенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).