«ЦОН» мобильді қосымшасында электронды сенімхат рәсімдеу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы

АСТАНА.KAZINFORM — Мемлекеттік корпорация «ЦОН» мобильді қосымшасында электронды сенімхат рәсімдеу бойынша жаңа сервисті іске қосты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

— Бұл сенімхат арқылы азаматтар МХҚКО-дан дайын құжаттарды ала алады, көлік құралдарын тіркеуді және тіркеуден шығару қызметін, сондай-ақ техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмір белгілерінің телнұсқаларын рәсімдей алады, — делінген хабарламада.

Сенімхатты рәсімдеу бірнеше минутты қажет етеді және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, қызмет бағасы — 500 теңге.

Айта кетейік, eGov және мемлекеттік сервистерге кіру қауіпсіздігі күшейтілді.