Ту-142 ұшағының ірі сынықтары табылды

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Тынық мұхит флотының кемелері Хабаров өлкесінің жағалауында Татар бұғазында өткен жұма күні апатқа ұшыраған Ту-142 әскери ұшағының ірі сынықтарын тапты.

Төтенше жағдайлар  министрлігінің  ақпараты  бойынша,   су астынан  фюзеляждың    6 үлкен  сынығы көтерілген,  деп   хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.

Бұған дейін оқиға орнында  экипаж мүшелерінің   денелері   табылған  болатын.  Олар   сот-медициналық сараптамасына  жөнелтіледі.

Жаттығу     кезінде апатқа  ұшыраған  әскери  ұшақтың  бортында    экипаждың 11 мүшесі  болған.  Алдын ала мәліметтер  бойынша,  апатқа    техникалық ақау себеп болған.