Оның айтуынша, жолаушылар ұшағын басып алған әлгі азамат В.Путинмен кездесуді талап етіп, қолында премьерге табыс ететін «Шешенстан Республикасы туралы маңызды құжаттар» бар екенін мәлім еткен.
105 адамды кепілдікке алған әлгі қаскөйдің тұлғасы анықталды. Ол Краснодар өлкесінің тумасы, 1970 жылы туған Магомед Покиев деген азамат болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Минеральные Воды қаласынан Мәскеуге ұшып келген Ту-154 ұшағын басып алу әрекеті орын алған болатын. М.Покиевтен ашық қоқан-лоқы айтылмаған, бірақ ол тәртіп сақшыларына асығыс әрекеттер жасамауды ескерткен.
Кенеттен жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап, оған көмек көрсету үшін ұшақ бортына дәрігер болып көтерілген екі тәртіп сақшысы қаскөйді ұстап, адамдарды босатты. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру кезінде одан ешқандай қару табылмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.