Ту-154 ұшағының апаты Сочидің туризм саласына әсер ете ме

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ту-154 ұшағы құлаған соң интернетте әуе қозғалыстарының қауіпсіздігі мәселесі қызу талқылана бастады. Бұл негізінен көпшілік мемлекет өкілдерінің Сочиге жаңажылдық жолдамаларды алып қоюымен байланысты болып отыр.

Мәскеудің туризм агенттігі өкілдерінің бірі осы оқиғаға байланысты жолдамадан бас тарту әрекеттерінің болмағандығын, алайда көпшілік тарапынан болған жағдайға алаңдап хабарласушылар тарапынан соғылған қоңыраулардың көп болғандығын айтты.

Мамандардың пікірлерінше, осыған дейінгі болған әуе апаттарының тәжірибесі қайғылы оқиғаның әсерінен ажырау үшін азаматтарға кемінде екі апта уақыт керек екендігін көрсетіп отыр.

Дегенмен, туризм нарығы өкілдерінің айтуынша, туристер санының кеми түсу жағдайы алдағы уақытта болуы мүмкін. Ал, қазіргі жағдай өзгеріссіз қала берері анық. Өйткені азаматтардың көпшілігі жолдамаларын алып қойған. Мереке болса таяп қалды. Жаңа жылға бір-екі күн қалғанда қандай да бір өзгеріс бола қоймайтыны анық.

Оның үстіне жолдама қайтарылған жағдайда оның айыппұлын төлеу қажет болады. Ал, мерекенің қарсаңында алдын ала белгіленген жоспарларын бұзып, мерекелік көңіл-күйді бұзуға ешкім де мүдделі емес.