Ұшқыш, жердегілердің двигательге арналған «Арктик» сұйықтығын құюды ұмытып кеткендеріне 100 пайызға сенімді. Бұл сұйықтық отынды қатырмау үшін құйылады. Міне, соның салдарынан двигательдер бірінен кейін бірі істен шыққан, деп санайды Шамалов. Ұшқыш, кінәні экипажға жауып отырған ресми тұлғалардың мәлімдемелерін үзілді-кесілді айыптады. «Олар айтса, айта берсін. Біз опат болған жоқпыз, ең бастысы осы. Олар кінәні біздің мойнымызға жүктей алмайды», деп мәлім етті ұшқыш.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні ұшақ жерге қонар кезде орын алған апаттың салдарынан 2 адам көз жұмып, бірнеше ондаған жолаушы жараланған болатын.