Бүгін Астанада туберкулездің алдын-алу мен емдеу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында бұл туралы Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Роза Жүсіпова айтты.
«Зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, студенттер, тұрақты тұрғын мекені жоқ адамдар, жұмыссыздар сынды қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтары бойынша тіркелген көрсеткіш 66,2 пайызды құрайды. Туберкулезге шалдыққан жұмыссыз адамдардың үлесі - 44,9 пайыз, студенттер үлесі - 7,2 пайыз», - деп мәлімдеді Р. Жүсіпова.
Көші-қон мәселесі де Астана қаласы бойынша анықталған туберкулездің таралу көрсеткішіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл - Астана қаласы бойынша жинақталған статистикалық көрсеткішке әсер ететін негізгі фактор. Астана қаласына оқу мен жұмыс істеу мақсатында келген туберкулезге шалдыққан адамдардың саны жалпы аурулар санының 31,4 пайызды құраған. Осы көрсеткіш бойынша Ақмола облысына қарасты аудандардан келген тұрғындар 61,7 пайыз көрсеткішпен бірінші орында тұр. Ал екінші орында - ОҚО тұрғындары және олардың үлес салмағы 9,1 пайызды құрап отыр.
Шарада Астана қаласы бойынша тіркелген статистикалық мәліметтерге әсер ететін факторлар талқыға салынып, туберкулездің таралу ықтималдығы басым топтардың мәселесі сөз болды.