«Қазіргі уақытта туберкулезді анықтаудың жаңа әдістерінің бірі G-Xpert болып отыр. Бұл тәсілмен туберкулездің жұқпалы түрлерін 2 сағаттың ішінде және көптеген дәріге төзімді түрін анықтауға мүмкіндік алып отырмыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл тәсіл 2012 жылдың соңнан бастап Қазақстанда енгізілген. Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында осы тәсіл қолданылып жатыр. «Болашақта туберкулезге қарсы күрестің кешенді іс-жоспарларының аясында біз мұны басқа да үлкен қалаларда, аудан орталықтарында енгізіп, халыққа қолжетімділігін арттыруды мақсат етіп отырмыз», - деді Т.Әбілдаев.