Туберкулезге жыл сайын 7 мыңға жуық адам шалдығады – министрлік
«Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен туберкулез ауруының 7 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Соңғы бес жылда елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жақсару үрдісі тіркелуде. Мәселен сырқаттанушылық көрсеткіші – 24, балалар арасында – 26, өлім – 42 пайызға төмендеді», - деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің атап өтуінше, 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылдың қорытындысында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші ковидке байланысты 1,4 пайызға өскен. Дегенмен, балалар арасында ауруға шалдығу – 2,3 пайызға, туберкулезден өлім-жітім 17,6 пайызға төмендеген.
Дегенмен, оның мәліметіне сәйкес, балалар арасында сырқаттанушылық 2,3 пайызға, ал туберкулезден өлім-жітім 17,6 пайызға төмендеді.
«Сонымен бірге, туберкулезбен ауыратын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету амбулаториялық және стационарлық деңгейлерде көрсетіледі. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2023 жылға 41,6 млрд теңге бөлінді», - деді министр.