Түгі қалмаған: Филиппинде өртенген паромда 35 адам көз жұмды

АСТАНА.KAZINFORM — Филиппиннің Палаван провинциясы жағалауында 9 қыркүйекте өртенген жолаушылар паромынан құтқарушылар жұма күні тағы 30 адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды Синьхуа .

Фото: Синьхуа

Бұған дейін өрттен 5 адам көз жұмған еді. Осылайша қаза тапқандар саны 35 адамға жетті.

Филиппин жағалау күзетінің (PCG) мәліметінше, тағы 54 адам із-түзсіз жоғалған.

PCG жариялаған видеодан өрттен кейін жолаушылар паромының түгі қалмай өртенгені, оның үстінде күл мен металл қалдықтары қалғанын көруге болады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, өрттен 43 адам аман қалған.

Айта кетейік, осыған дейін Филиппинде «Бави» тайфуны 18 адамның өмірін қиған болатын. 

Ал Зимбабведе паром апатқа ұшырап, 72 адам көз жұмды.