Туған күн кештерінің сәні «Happy Birthday to You» әні халықтікі болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Федералдық сотының судьясы енді «Happy Birthday to You» - «Туған күніңмен» танымал ән мәтінінің құқығы қорғалмайтынын айтып, қаулы етті, деп жазады «ВВС» агенттігі.

«Warner/Chappell Music» компаниясы әннің авторлық иесі екенін, әнді басқа компаниядан 1998 жылы сатып алғанын айтады.

«Warner/Chappell» компаниясы құқық иесіне бөлінген сома ретінде жылына екі млн. жуық долларып келген.

Бұл әннің тарихы 1893 жылдан басталады. Апалы-сіңілі Милдред пен Патти Хилл жазған ол бастапқыда «Барлығына қайырлы таң» деп аталған.