Брейдвуд қаласының аты-жөнін жарияламауды жөн көрген тұрғыны туған күнін атап өтіп жатқанда, досы оған бірнеше лотерея билетін сыйлаған. Олардың біріндегі алты санның барлығы ұтыс комбинациясымен сәйкес келген. Ер адам жұбайымен бірге Иллинойс лотереясының жүлде беру орталығына барған кезде ғана шынымен миллион доллар ұтқанын білген.
Отбасы ұтыстың бір бөлігін Флоридаға дәстүрлі жыл сайынғы сапарына жұмсамақ. Сондай-ақ жаңа автокөлік пен гольф-кар сатып алуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Вирджиния штатының тұрғыны бір ұтыс ойынына бірдей нөмірлермен 20 лотерея билетін сатып алып, 100 мың доллар ұтып алған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Флорида тұрғыны лотереядан 800 млн доллар ұтып алған еді.
Ал Францияда Пикассо картинасы лотерея ойнату арқылы сатылмақ.