Туған жер: Ақмола облысында бірқатар әлеуметтік нысандар салынды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Кәсіпкерлер туған жерге ерекше қамқорлық танытуда. Бұл туралы Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшылыққа алаотырып, облыс әкімдігінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыружөніндегі бастамасымен ауданда «Туған жер бағдарламасы» аясында «Атамекен» кішібағдарламасы қолға алынып, бірнеше бағыттар бойынша іс-шаралар атқарылуда», - дедіМалғаждар Тәткеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Аудан әкімініңайтуынша, «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы -«Жергілікті бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» шеңберінде аудан орталығыАқмола ауылында «Рухани жаңғыру», «Белсенді көпжасау орталығы», «Отбасыорталығы», спорт алаңы және көпбейінді корт сияқты бірқатар әлеуметтік нысандарбой көтерді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Монессори кабинеті бартұлғаны дамыту орталығы, «Барлығы рахмет үшін» қайрымдылық дүкені ашылды. «Руханижаңғыру» саябағында «Ұлы даланың ұлы есімдері» аллеясы, 13 Еңбек ері даңқаллеясы ашылып, Целиноград аудандық өлкетану мұржайының құрылысы басталды»,- дейді әкім.

Брифингте айтылғандай, ауданда «Киелі жерлер» арнайы жобасыда ойдағыдай жүзеге асырылуда.

«Қабанбай ауылында Достық орталығы ашылды. Тайтөбе ауылындажергілікті тұрғындар этноауыл ұйымдастырды. Саяси-қуғын сүргінге ұшырғанмұсылман әйелдердің құрметіне «Аналар рухы» мешіті салынды. Праваславл шіркеуімұражайының іргесі қалануда. 2017 жылдың күзінде елімізге танымалтарихшы-этнограф Жамбыл Артықбаев бастаған этнологиялық экспедиция барысындаҚабанбай және Көбек батырлардың, Ақмола уезінің аға сұлтаны ЫбырайЖайықпаевтың, Қырықбай әулие жерленген орындар мен кесенелер туралы қызықтыматериалдар жинастырылды. Бүгінгі күні өңірдің табиғи әсем жерлері – Майлантаутөбесі мен Сарыкөл тұзды көліне келушілер саны артты», - дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Туған жер» рнайы жобасы бойыншажүзеге асырылған бірқатар нақты шараларға тоқталды.

Соңғы жаңалықтар