Куропаткино ауылындағы «Дихан Плюс» ЖШС базасында ұйымдастырылған форум қатысушылары мектеп, балалардың ойын алаңы, демалыс саябағы, хоккей корты, балабақшаны аралап, ауыл тұрғындарының өмірін өз көздерімен көрді.
Форумда «Дихан Плюс» ЖШС директоры Рафит Амирдинов ауылды дамыту туралы сөз қозғады.
«Отанды сүйіп, құрметтеу тек сөзбен ғана шектелмеуі керек. Ісіңмен дəлелдеу қажет. Бірақ ол үлкен күш-жігерді қажет етеді. Біз ең кішкентай ауыл тұрғындары үшін ойын алаңын салдық. Сондай-ақ, кеңсе ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді, кішігірім дәмхана үшін аумақ бөлінді. Онда ауыл тұрғындары түрлі іс-шаралар өткізе алады. Жоспарлар көп, әрине, оларды жүзеге асырамыр», - деді Рафит Амирдинов.