Туған жер: Түркістанда төрт айда 19 нысан пайдалануға берілді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары мен өзге де пайдалы ғимараттар салынып жатыр. Биылдың өзінде облыста сәуір айынан бері демеушілер есебінен 19 нысан ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Сонымен бірге, 12нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Мәселен, Созақауданы, Жартытөбе ауылында балалар ойын алаңшасы салынса, Қызылкөлдің мәдениетклубына сахна орнатылған. Сондай-ақ осы ауданда ат ойындарына арналған атшабарашылған.

Түркістан облысы«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбасшылардыңбірі саналады.


Бәйдібекауданында құны 4 млн. теңгеге жуық «Жастар аллеясы» бой көтерсе, Түркістанқаласында «Ертегілер әлемі» атты үлкен балабақша салынды. Ордабасыауданы, Төрткөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілген.

Өңірде «Туған жер» жобасының бір тармағы ретінде «Алтын ұям»жобасы да жүзеге асып жатыр. Жобаның мақсаты – мектеп түлектерінің 10, 20, 30жылдық мерейтойларын қайырымды іспен өрнектеу. Яғни, түлектер орынсыз салтанатпен өзге де іс-шаралардан бас тартып, өзі туып-өскен ауылға немесе білім алғанмектебіне демеушілік жасайды.


Биыл Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағынауданының 1999 жылымектеп біріген түлектері бір отбасыға баспана салып берді. Сонымен біргеБәйдібек ауданында 1982 жылы туған азаматтар аз қамтамасыз етілген отбасыға үйәперді. Шардара, Түлкібас, Төлеби аудандарының түлектері де көпбалалы және азқамтамасыз етілген отбасыларға пәтер сыйлап, сауапқа кенелді.

«Туған жер» жобасы бойынша 2017 жылы құны 6 млрд теңгеден астам қаражатқа 473 жоба жүзегеасырылған. Ал 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгеніқұрайтын 97 нысан іске қосылған болатын. Аяқталған 97 нысанның – 28 біліммекемелерінің құрылысы және 3-і қайтажөндеу, 2-еуі медицина мекемесі құрылысы, 12-сі спорт нысандарының жаңақұрылысы және 2-еуі спорт алаңын қайтажөндеу. Сонымен бірге 15 мәдениетнысанының құрылысы жүргізіліп, 5 нысан қайта жөндеуден өткен. Абаттандыру бойынша 30 жоба іске асырылды.



Қазіргі таңда да облыс аумағында осындай игі істер жалғасыпжатыр.

Соңғы жаңалықтар