ТҮКШ қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық түсімін өңірлердің өзіне беру жұмысын жалғастыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

«Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет», - деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.