Бұл туралы аймақтық полиция бөлімінен хабарлады.
«Екі белгісіз ер адам әйелден ішінде қара металл сынықтарын қабылдау ұйымдары бірінің иелігіндегі 11 миллион рубль салынған сөмкені тартып алды. Алдын ала ақпарат бойынша, ақша Тула қаласындағы банктердің бірінен алынған. Қылмыскерлер шетелде шығарылған күміс түсті жеңіл көлікпен оқиға орнынан ізін суытқан», - деп хабарлайды ведомстводан.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел-іздеу шараларын өткізуде.