«Кадеттер мотоатқыш және десанттық-шабылдау бөлімшелері, теңіз жаяу әскері бөлімшелері, танк командирлері лауазымдарында тағылымдамадан өтуде. Әскерге келісімен әскери ортаға бейімделу мақсатында кадеттермен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді. Олардан атыс және дене даярлығы бойынша сынақ қабылданды, тағылымдамадан өтушілерге анағұрлым тәжірибелі сержанттар санынан тәлімгерлер бекітілді», деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери тағылымдама барысында кадеттер жеке құрамды басқаруда, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізуде, ұрысты тексеруде және атыс қаруын қалыпты ұрысқа келтіруде практикалық дағды алады.
200-ге жуық кадет шеберліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді. Олар әскери техника мен қару-жарақты пайдалану, жөндеу және баптап күту жөніндегі дағдыларын жинақтап, шыңдайды.
Кадет корпусының түлектері үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және нағыз әскери қызметті көрудің алғашқы мүмкін. Жарты жылдан соң олардың әрқайсысы өз қызметін бастайды.