Түлектердiң 20 пайызы ҰБТ-да 100-ден астам балл жинады - Б.Сапарбаев (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түлектердiң 20 пайызы ҰБТ-да 100-ден астам балл жинады. Бұл туралы бүгiн Премьер-Министрінің орынбасары Бердiбек Сапарбаев мәлiм еттi.

"Бүгiн Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң 3-ші күнi өтуде. Биылғы жылғы нәтижелер былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Қазiрдiң өзiнде түлектердiң 20 пайызы 100 баллдан жоғары баға алды. Барлығы баланың бiлiмiне байланысты, егер ол мектепте жақсы оқыған болса, тестiнi сәттi тапсыра алады. Мен бүгiн барлығына сәттiлiк тiлеймiн", - деді ол бүгiн С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де.

Еске сала кетейiк, биыл Қазақстанда ҰБТ 2-8 маусым аралығында өтуде. Оған 87 782 түлек қатысуда. Бұл мектеп бiтiргендердiң 71%.