Жобаның синопсисінде деректі фильмдер тізбегі қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде, ғылымы мен өнерінде, мемлекет және қоғам өмірінде айшықты із қалдырған аңыз тұлғаларға арналатыны айтылған. Бағдарлама авторлары ел жадында қалып, ұлттық болмыс пен құндылықтардың сақталуына үлес қосты деп есептейтін жандарды іріктеп алып, солардың көзін көріп, сөзін естіген замандастарының естелігі мен сыр-сұхбатын таспаға түсіріп отыр.
Ұжымның алғашқы таңдауы – Асанәлі Әшімов. Бұл деректі фильмде кейіпкердің өз аузынан тұлға болып қалыптасу жолындағы ең маңызды, ең әсерлі сәттер баяндалады.
Бұған дейін Jibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шыққанын жазған едік.