Белая өзенінің мұзын ойып, балық аудап отырған балықшылар өздеріне жақындаған аңды байқаған. Олар камераны қосып, қарға бір-екі балық лақтырып, аңды өздеріне шақыра бастады. Бұқпантайлап келген қу түлкі балықтың біріне ауыз салғанымен қоймай қасында жатқан қармақты қоса тістеп қаша жөнелді.
Балықшылардың бірі түлкіні қуа жөнелді бірақ, ұрланған жабдықты қайтара алды ма, ол жағы белгісіз.