Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шалғай жатқан Көкбұлақ, Елтай, Жанұзақ, Рысқұл, Алғабас ауылдарындағы клубтар күрделі жөндеуден өтіп, есігін айқара ашты. Жаңадан жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары үшін де музыкалық және басқа да үйірмелер қарастырылып, бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, таулы ауданның руханият саласында атқарылып жатқан оңды істер аз емес. ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылды көркейту - басты мақсатымыздың бірі екенін айтқан болатын. Осы бағытта бүгінгі таңда аталған ауданда жүйелі жұмыстар жолға қойылған.