Спорт мектебінің шағын футбол алаңшасы да күрделі жөндеуден өткізілді. Алаңшаға жарықшамдар орнатылып, газон мен қоршауы толығымен жаңартылған. Ауқымды жұмыс аудан әкімі Нұрлан Байғұттың тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді.
Айта кетейік, бүгінде таулы ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар қатары 30,8 пайызға жеткен. Атап айтқанда, қазір ауданда 35 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның екеуі 1 500 орынға шақталған стадион болса, төртеуі спорттық кешен саналады. Сондай-ақ, атшабар манежі мен 8 мылтық ату тирі ашылған. Тұрғындар жүзу бассейіні мен ипподромға және спорт алаңшаларына барып, спортпен шыныға алады.
Бұдан өзге, ауданда 4 спорт мектебі мен мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында салынған «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда, осы мекемелерде 3631 оқушы спорттың 17 түрімен шұғылданып келеді.