Түлкібас ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғабас спорт кешенінде «Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясы» кубогіне арналған турнир өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімін Түлкібас аудандық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Әр түрлі жастағы спортшылар қатысқан турнир тартысты өтіп, жарыс жеңімпаздарын Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының Президенті Мылтықбаев Нұрғали Төребекұлы қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Ал, Т. Рысқұлов ауылындағы Жанкент спорт кешенінде асық ату және бес асықтан жасөспірімдер мен ересектер арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Шардара қаласы мен аудандық жалпы орта мектептерінің командалары қатысты. Нәтижесінде асық атудан жасөспірімдер арасында Шардара командасы І орын, ІІ орын-Шардара БЖСМ, ІІІ орын Ғ. Мұратбаев ЖОМ командалары иеленді. Ересектер арасында І орынды – Өмір. М, ІІ орынды- Сапиев. Н, ІІІ орынды- Байділдаев. М атты спортшылар алды. Қыздар арасында бес асықтан жүлделі орындар Шардаралық жасөспірім қыздар мен ауданық №2 БЖСМ қыздарына бұйырды. Бұл күні сондай–ақ, Т. Рысқұлов ауылындағы «Жас талап» спорт клубында «Террорсыз жарқын болашақ» атты ұранымен үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында да аудан біріншілігі өтті.