Демалыс орны - аудандық мәдениет үйінің алдындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының орнына түспек. Ал, «Құрметті азаматтар» аллеясы жаңа дизайнда «Жеті қазына» аллеясының аумағынан бой көтеретін болады.
Аудан орталығының көркін аша түсетін арбаттың қос қапталындағы жаяу жүргінші жолы мен саяжолға түрлі-түсті бедерлі тас төселмек. Сондай-ақ, жаңа орындықтар қойылып, шамдар ілінеді. Жергілікті фаунаға сай сәулетті мүсіндер орнатылатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген кезде, ауыл тұрғындарының демалыс аймағына айналмақ.