Ауданда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде халыққа қажетті таза ауыз су беріліп, шалғай ауылдарда білім мен мәдени ошақтары, денсаулық нысандары мен тұрғын үйлер бой көтерді. Өркениет елдердегідей ауылдарға аяқ жолдар салынып, ішкі көшелер жөндеуден өтті. Халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында қосымша цехтар ашылып, қарапайым спорт алаңшалары мен әкімшілік ғимараты да ел игілігіне берілді.
Жаңа нысандардың ашылуында аудан басшысы Әуелхан Тұрғымбеков соңғы 25 жылда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.