Түлкібаста ауыл шаруашылығында 12 жоба іске қосылды

Фото: None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай биыл алдыңғықатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатындажалпы сомасы 6094 млн тенгені құрайтын 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнгежалпы сомасы 787,3 млн теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өзқаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жобабойынша бүгінгі күнде шаруа қожалықтарының басшылары құжаттарын жинақтап, қаржыинституттарымен қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлықдеңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлергежеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Соңғы жаңалықтар