ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түлкібаста екі сарай өртеніп, шаруаның қысқа дайындаған мал азығы түгелімен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Тастұмсық ауылында болған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Тек жаз бойы жиналған шөп өтқа оранып, шаруаны едәуір шығынға батырған.
«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшы құрамы және аудандық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша басты себеп өрт қою болған. Қазіргі таңда Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде» - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Видеодан алынған кадр
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.