Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев пен аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков пен жастар қатысты.
Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы акцияның маңызына тоқталды.
«Бүгінде отандастарымыз еліміздің Көк туы астында ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерге жетіп жүр. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғыс айтамыз», - деді Ерлан Күзембаев.