Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында» емделіп жатқан жеткіншектер шашка, шахмат, домино сияқты спорттық ойын түрлерінен өзара мықтыны анықтады.
Аудандық спорт бөлімі ұйымдастырған жарыстар кәмелет жасына толмаған жарымжан балалардың күндізгі қатынау бөлімшесінде өтті. Шара барысында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты балаларды қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, айналадағы адамдармен қарым –қатынас құруды үйрету болды. Одан бөлек балалардың дамуына қарай әр түрлі ойын жаттығулары өткізілді. Жалпы спорттық ойындарға қатысқан барлық 24 балаға спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және демеушілігімен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Аталған спорттық шараға арнайы келген спорт бөлімінің басшысы П. Абиханов және бас маманы Б. Темірәлиев осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.