Түлкібаста жаңа спорт кешені ашылады

Фото: None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінде «Спорт күні» мерекесіне орай жаңа спорт кешені халық игілігіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Састөбелік жастаржаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы,яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген жаңаспорт кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекешелікәріптестік шеңберінде 454 миллионтеңгеге салынған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркінкүрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады.Сондай-ақ, киім ауыстыруға, душқабылдауға арналған арнайы бөлме және бапкерлер мен медбикелерге арналғанбөлмелер бар.

Бүгінгі таңда ауданда4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді.Оның ішінде, 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және 1спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастардықамтиды.

ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020жылға дейін 30 пайызға жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда аудандатұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 пайызға жетті. Жыл соңына дейінаудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулуарқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 пайыздан асыружоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар