Жоспар бойынша жарық беру құрылғылары жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 19 көшеге қойылады. Қазіргі таңда, жұмыстың 75 пайызы орындалған. Жоба мамыр айына дейін толық аяқталады.
Айта кетейік, бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың халыққа есеп беру жиынында көтерілген болатын. Яғни, тұрғындар түнгі уақытта ауыл арасында жүріп-тұру қиын екенін айтып, аудан басшысынан көшелерді жарықтандырып беруді сұраған. Өз кезегінде Нұрлан Мархабатұлы халықтың өтінішін қанағаттандырып, тиісті сала мамандарына тапсырма берген. Нәтижесінде, азаматтардың өтініші биылғы жылдың жұмыс жоспарына еніп, іске асырылуда.